Template:Appeal/Projects/kk

From Donate
Jump to navigation Jump to search

Google-да шамамен миллионға жуық сервер болса, Yahoo-да 13 мыңдай қызметкер жұмыс істейді. Ал бізде 679 сервер бар және 95 қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Уикипедия және оның туыстас жобалары ең танымал интернет ресурстардың бастапқы бестігіне кіреді. Ай сайын миллиардтаған беттерді қарайтын 470 миллион адамға қызмет көрсетеді

Коммерция — қалыпты дүние. Жарнама да кемшілік болып саналмайды. Алайда Уикимедиа мұндай шаралардың орны емес.

Wikimedia — бұл ерекше әлем. Ол — кітапхана немесе қоғамдық саябақ секілді. Ол — ақыл-ойдың кені болған ғибадатхана сияқты. Бұл — ойымыз бен санамызды жаңғыртатын, білім алып, біліктілігімізді арттыратын орын.

Мен негізін қалаған сәтте Уикимедиа Қорын жарнамалық ақпараттармен толықтырып, орасан зор пайда әкелетін компания ретінде қалыптастыруыма болар еді, бірақ мен ерекше бір дүние жасағым келді. Біз ұзақ жылдар бойы Уикимедиа Қорын тиімді де үнемді қылу бағытында үлкен жігермен үздіксіз жұмыс істедік. Біз өз міндетіміздің үдесінен шығамыз және қаржыны тектен-текке жұмсамаймыз.

Егер осыны оқыған әрбір адам 750 теңге көмек ретінде қияр болса, біз бір күн ішінде жәрдемге қаржы жинау науқанын аяқтаған болар едік. Алайда кез келген адамның көмек бере алмайтындығы аян, ал мүмкіндігі барлардың кейбірінің ғана игі іске бел буатындығы да белгілі. Мұнда ешқандай сөкеттік жоқ. Былай да сый жасағысы келгендердің қатары жыл сайын артып отыр.

Биылғы жылы Уикимедиа Қорына қолдау көрсетіп, қорған болу үшін 5 доллар, 20 евро, 750 теңге немесе мүмкіндігі болған сомада жарнамен жәрдем көрсету туралы ойлануыңызды сұраймын.

Рақмет,

Джимми Уэйлс
Уикипедия құрылтайшысы