Template:Appeal/Susan/kk

From Donate
Jump to navigation Jump to search

Уикипедия мақалаларының авторы Сьюзан Хьюиттан

Бүгін Уикипедияның құрылуына алғаш атсалысқандардың еріктілер болғанына сену қиын.

Қазіргі таңдағы Уикипедия әрқайсымыздың үйренсек, білсек, бір-бірімізбен білім алмассақ, бір-бірімізге қол ұшын берсек деген ниетіміздің нәтижесі. Ізденіске деген құштарлығымыз Уикипедияны баршаға қолжетімді етіп, ашық пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр.

Уикипедияға қолдау көрсетіп отырған технологияларға, жеке және заңды инфрақұрылымға әрқайсымыз бар болғаны 5, 10 немесе 20 доллар құйсақ жетіп жатыр. Бізбен бірге болуыңызды сұраймыз!

Мен ұлу және де басқа да омыртқасыз жануарлар туралы жүздеген мақала салдым. Кішкентай кезімнен бері ұлу, су бақалшақтары жайлы білуге құштармын. Олар мен үшін бір ғаламат нәрсе. Уикипедия арқылы бүкіл әлеммен өзімнің құштарлығымды бөлісуді құп көрдім. Егер бір сәтке ойланатын болсаңыз бұл ақпараттан тегін хабардар болу қандай ғаламат екенін түсінесіз.

Уикипедия шынымен де таңғажайып, себебі әлемдегі 5-ші ең көп қолданбалы веб-сайт болып табылады. Google-да миллионға жуық сервер болса, Уикипедияда бар болғаны 400-ге жуық сервер бар. Yahoo-дың 13 мыңдай қызметкері болса, Уикипедияда бар болғаны 95 қызметкер жұмыс істейді. Уикипедияға ай сайын 454 миллион адам кіреді.

Егер сіз Уикипедияға үлес қосқыңыз келсе, қолдау көрсеткіңіз келсе, аздаған ақша салуыңызға болады. Уикипедия әрі қарай дамысын десеңіз бүгіннен қалмай қолдау көрсетейік! Қалай үлес қосамын десеңіз де, өз еркіңіз. Өзіңіздің қалауыңызға саламыз.

Рахмет,

Сьюзан Хьюит
Уикипедия авторы